Пәкістанда пойыз өртеніп, 73 адам қаза тапты

Oinet.kz 31-10-2019 1062

image.png

Пәкістанның Пенджаб провинциясында пойыз жарылып, артынша өртеніп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24» сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Қайғылы оқиғадан 73 адам көз жұмды. Тағы ондаған адам жарақат алды. Пойыз Карачиден Равалпинди қаласына қарай бағыт алған. 

Жарияланған мәлімет бойынша, теміржол көлігіндегі газ балоны жарылған. Қызыл жалын 3 вагонды орап алған. 

Теміржол министрлігінің айтуынша, адамдар жүріп бара жатқан пойыздан секірмек болып мертіккен. Қаза тапқандарды тану мүмкін емес. Оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу ісі басталды.

2021 жылға дейін жастарға сатып алу құқығынсыз 9 мың жалдамалы пәтер беріледі
Токиодағы турнирде қазақстандық боксшылар қос алтын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу