Ресей Қазақстанға Байқоңырдағы жердің бір бөлігін қайтарады

Байқоңыр.jpg

Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында "Байқоңырды" жалға беру келісіміне өзгерістер енгізілді. Сәйкес хаттаманы мәжіліс депутаттары палатаның пленарлық отырысында ратификациялады.

Өзгерістер Ресей тарапына жалға берілген жер телімдерін қайтаруды қарастыратын қосымшаға енгізілді. Аталған аумақ Ақай мен Төретам елді мекендеріне жақын маңда орналасқан. Оның көлемі 11,6 мың гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қайтарылған жердің қандай мақсатта пайдаланылатынын атап өтті.

Айтуынша, ол жерде руспубликалық маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізіледі.

Осылайша, аталған аумақта "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі, Алматы – Мәскеу темір жолы, сондай-ақ "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры салынады.

Ендігі кезекте құжатты парламент сенаты қарап шығады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зорлық-зомбылықсыз қоғам үшін!
  • Елорда да Фариза Оңғарсынованың атына көше берілді
  • Нұр-Сұлтандағы көп қабатты үйдің 12-ші қабатынан құлап, мерт болды
  • Жаңа жүргізуші куәліктерінің қандай ерекшелігі болады?
  • Серікбай қажы: «Ең көбі 100 мың теңге жалақы алады»
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика