Ресми түрде Головкиннің келесі қарсыласы белгіленді

Oinet.kz 07-11-2019 892

Картинки по запросу геннадий головкинГеннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) тең промоутері Эдди Хирн Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық боксшыны орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін қорғауға міндеттегенін айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Айқас ақпанда (жұмыс күндері – 8-і немесе 29-ы), Чикагодағы (АҚШ) Wintrust Arena-да өтуі тиіс.

Айта кетейік, Головкин IBF белбеуін 5 қазанда төрешілердің шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңгені үшін иеленді. Сондай-ақ, Геннадийге IBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы белбеуі де берілді.

Ресей Қазақстанға Байқоңырдағы жердің бір бөлігін қайтарады
Димаш Құдайбергеннің өнері 12 сағатта 120 миллион қаралым жинады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу