Тоқаев: «Көзбояушылықты қоюымыз керек»

Oinet.kz 15-11-2019 815

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламаны даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Oinet.kz тілшісі.

Қасым Жомарт Тоқаев.jpg

«Біз бос әуреленіп, көзбояушылықпен айналыспауымыз керек. Жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескерген абзал. Жеңістеріміз жайлы есептің қажеті жоқ. Шынайы талдау мен тиімді әрекеттер керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. 

Президент сонымен қатар, Үкімет пен Парламент депутаттарының, облыс әкімдерінің міндеті – Елбасының ұзақ мерзімді Стратегиясы, Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформаны толыққанды жүзеге асыру екенін еске салды. 

«Тек сонда ғана тегеуріндер мен қиындықтарды еңсере аламыз», - деді ол. 

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ақмола облысында жүр.

Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешені саласында атқарылған жұмыстар
Елімізде жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі енгізілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу