Үміт керуені тоқтамасын

Oinet.kz 20-11-2019 1246

Screenshot_9.jpg

Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаевтың "Жүз нақты қадам" ұлт жоспары мен  "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"  бағдарламалық мақаласы аясында ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін жəне əлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімі мен Əбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұйытқы болуымен жəне аудандық "Нұр Отан" партиясы филиалы аудандық əлеуметтік бағдарламалар бөлімі,  аудандық мəдениет қызметкерлерінің қолдауымен түркі жұртының тұғырлы мекені - Түркібасы топырағында бүгін ерекше өнер фестивальі шымылдығын түрді. Ол - "Үміт керуені" атты өнер фестивалі. Кезінде Естеміс хан: " Адам тірлігіне əр мен нəр - үміт. Жұмыр басты пенде  баласы мəңгілік үміттің керуенін алға сүйрейді"деген  сөз қалдырды.

Заманалар алға жылжып,  тəуелсіз елдің көк туының астында  Естеміс қағаннан қалған текті сөзі қайта жаңғырды.  Бұл -  халық рухының оянуы. 

Өнер фестивальді  Түлкібас аудандық əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қаратаев Ерден  ашып,  Шымкент қалалық  көзі көрмейтін жəне əлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкері Ербек Бəкиев өз ақ жарма тілегін ортаға салып,   Академик Ə. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің гуманитарлы -педогогикалық  факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Ботабаева Жанна Нұрəліқызы  қатысушылардың өмірге деген  сүйіспеншілігіне тоқталып, өнерлі жастардың баршасына сəттілік тіледі. 

"Үміттің керуенін сүйреп алға,

арманды аялап келеміз біздер.

соқса да кейде тағдырымыз  жарға,

күздерді алмастырар көктемдер"деген Тұрсынай Оразбаеваның өлеңі өміршең өлең. Тағдырды бір шумақпен түйіндеу деген осы шығар, бəлкім?! 

Үмітсіз  - өмір тұл, жер бетінде барша адам үмітіне құл.   Ал, тағдыр сынағын кешіп жүрген жандар үшін үміттің құны алтыннан  қымбат.  Ертеңгі күнге үмітті жандардың үмітін үкілеуге бағытталған өнер фестивалі  үш  аталымнан тұрады.

1.Өмір - өлең

2. Əуелетіп əн салып, мың бұрала би билеп

4. Қолөнер

Үмітті жалқы аялай алмайсың.  Осы ұғынған жанның өзі қоғамға араласуға ұмтылары хақ. Осы мақсатта өлең жазып жүрген жастарымыз қаншама. Жан сырын қағаз бен қаламға ақтарып жүрген жастарымыздың өнерін шыңдауға бағытталған  "Өмір -өлең" кезеңінде Бегматов Бағжан, Бəкірқызы Балжан, Топанбай Мейірхан  өнер көрсетті.

Сырлы саз - сан дертке дауа.  Сол дауаны əуеннен іздеп жүрген  бүлдіршіндер - 

Түлкібас аудандық мүгедек балаларды оңалту орталығының тəрбиеленушілері. Олар - " Сағыныш" атты топ болып күйді орындады.

Əнмен өкпе-налаң жоқ болады,

Үмітің өшіп қалған шоқтанады.

"Əуелетіп əн сал, мың бұрала би биле"атты  кезеңінде Нұрғожаев Тоқтамыс, Сейтбек Лана, Талғатұлы Даниял мен Түлкібас мүгедек балаларды оңалту орталығының тəрбиеленушілерінен құрылған  "Жасын" би тобы қуыршақ биін көрермен назарына ұсынды.

"Өнердің ең қастерлісі -қолөнер" деген дана халқымыздың сөзі талай жаны жабырқау жанның жанына дем берді. Өнер -  ішкі аласапыран сезімдердің ізгілікке айналуы емес пе?   Қолөнермен өз жүрек үнін жеткізіп жүрген жандар - Керимкулова Балзира, Умиров Нурғали мен Түлкібас мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығының тəрбиеленушілері өз дүниелерін көпшілік назарына ұсынды.

Өнерлі тағдырластарын қолдау үшін арнайы Отырардан  келген қонақ - Тұрсынай Қайратқызы. Ол - "Тұманды жарған ай" кітабының авторы. Мың рет құлап, мың рет тұрған батыр қыздың əсем əні көпті сүйсінті.

Үміттен басқа түгің жоқ,

Үмітсіз əсте құның жоқ.

Үмітті ғана аялап,

жүректе жансын алау от.  Жүрегі соғып тұрған мезет ешбір пенденің үміт керуені бір сəтке болса да тоқтамайды.

Арманмен асқақтап, үмітпен алға баса береді.

Фестивальдің соңында  демеушілік көрсеткен -  Ə.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің призиденті, Нұрлан Əбдімұсаұлы Қуатбеков пен облыстық мəслихат депутаты Рабиға Əбдімұсақызы Қуатбекованың   ақ пейілдері мен жомарттықтары үшін   қатысушылар алғысын жеткізіп, үлкен қуанышта "Үміт кеурені  тоқтамасын" деген ізгі  тілекпен фестивальді  аяқтады.

​Тұңғыш «Үркер» ұлттық сыйлығы – «Рейтингте»!
Мемлекет басшысы цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу