Танымал актриса Гавхар Шарипова дүниеден озды (видео)

Oinet.kz 21-11-2019 2387

Өзбекстанның танымал актрисасы Гавхар Шарипова жүк көлігінен секіріп, қаза тапты. Бұл жөнінде Қашқадария облыстық ішкі істер бөлімшесіне сілтеме жасап, жергілікті БАҚ хабарлады.

Гавхар Шарипова.jpg

Мәлім болғандай, актриса 19 қарашаға қараған түні “Самарқанд-Гузор” жол трассасында 140 шақырым жерде қаза тапқан.Isuzu жүк көлігінің жүргізушісі актрисаға әлімжеттік жасаған. Өзін қорғамақ болған Гавхар Шарипова сағатына 140 шақырым қашықтықпен кетіп бара жатқан жүк көлігінен секірген.

«Isuzu көлігінің жүргізушісі 1990 жылы туған Ш.Ф. есімді азамат болған. Ол жолда бір қолымен көлік жүргізіп, екінші қолымен актирасаға тиісе бастаған», – деп атап өткен бірқатар БАҚ.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші ұсталған. Егер ол айыпты деп танылса, жеті жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін.

Айта кетейік, Гавхар Шарипова "Алпомыш", "Сарвиноз", "Алданған әйел", "Әпке" және тағы басқа фильмдерде басты рөльді сомдаған.

"Алданған әйел" фильмі

Ақтоты Райымқұлова: «Допинг дауларына байланысты талаптар да күшейтіліп жатыр»
Қожаларға кімдермен қыз алысуға тыйым салынған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу