Бақытжан Сағынтаев: «Алматылықтар қабылдауға жеке бас мәселесімен ғана келмейді»

Алматы тұрғындары «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына бапана, жер, коммуналдық мәселелерге қатысты өз проблемаларын шешу үшін ғана келмейді. Көптеген жандар жақсы идеяларын ұсынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды OINET.KZ.

Алматылықтар қабылдауға жеке бас мәселесімен ғана келмейді – Сағынтаев

«Қабылдауға келгендердің арасында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерімен айналысатын Арнұр Ысқақов пен Нұргүл Сейітбекова болды. Олардың «Белсенді өмір» форумын өткізу және ыңғайлы киімдер тігу жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыру ұсынысын қолдаймыз», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев. 

Әкімнің айтуынша, қолжетімді ортаны қамтамасыз ету – «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бақылауында тұрған маңызды мәселелердің бірі. 

«Аппараттық жиында «Кедергісіз келешек» партиялық жоба туралы ақпаратты тыңдадық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ортаны қалыптастыратын әрі мемлекеттік қызметті көрсететін 20 ұйымның жұмыстарында кемшіліктер бар. Шешім қабылданды: партияның қалалық филиалының келесі отырысында аталған объектілер басшылары көрсетілген проблемалардың қалай шешіліп жатқанын баяндайтын болады», - деп қортындылады Бақытжан Сағынтаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елбасы Түймебаевқа бірқатар тапсырма берді
  • Антарктида қары жоғары жылдамдықпен еруде
  • 400 мың тоннаға жуық бензин шетелге контрабандамен өтіп кеткен
  • Әскердегілердің несиесі уақытша тоқтатылуы мүмкін
  • Бекзат Саттархановтың әкесі бақилық болды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика