Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

Oinet.kz 23-11-2019 1121

23 қараша күні қостанайлық тұрғын полиция бөлімшесіне Әуежай шағын ауданында қоқыс жәшігінің бірінен нәрестенің табылғанын айтқан, деп хабарлайды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу Қоқыс жәшігінен сәби табылды

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір шақалақтың анасы іздестіріліп жатыр.

«Тәртіп сақшылары жақын маңдағы үйлерді аралап, тұрғындардан сұрастыруда. Бұған қоса, бейнекамера жазбалары қаралып жатыр. Іздестіру жұмыстарына кинолог мамандар да тартылды», - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл жағдайды полиция департаментінің басшылығы мен облыстық прокуратура бақылауына алды.


Шымкент - Сарыағаш автожолында 4 көлік соқтығысып, 15 адам зардап шекті
Оралда екі ер адам мұз астына түсіп кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу