Оралда екі ер адам мұз астына түсіп кетті

Oinet.kz 24-11-2019 787

Оралда «Орыс моншасы» ауданында жасанды су қоймасында конькимен сырғанау кезінде ер адамның мұздың астына түсіп кеткені жөнінде мәлімет түскен, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Картинки по запросу мұз астына түсіп

Құтқарушылар (4 адам, 1 техника) сағат 17.49-да жеткенде екі адамның сондай жағдайға тап болғаны анықталды.

Олардың екеуі де құтқарылды.1989 жылғы ер адам конькимен сырғанаймын деп мұздың астына түсіп кетсе, екіншісі, 1967 жылғы азамат оған жәрдем бермек болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, 1989 жылғы ер адам медициналық көмекке жүгінді. Жарақат алмаған. Денесі тоңазыған ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да мұздың астына түсіп кеткен екі ер адамның құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды
Ержан Максим байқауда «Арманыңнан қалма» әнін орындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу