Елбасы нұротандықтарға Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына бірігу туралы айтты

Oinet.kz 25-11-2019 808

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Nur Otan партиясының кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

Елбасы нұротандықтарға Тоқаевтың айналасына бірігу қажеттілігін еске салды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізуде.

«Жиын барысында сөз алған Елбасы партия мүшелеріне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына бірігудің қажеттілігін және саяси бағыттың сабақтастығын жалғастыруды қайтадан еске салды», деп жазды Айдос Үкібай Twitter -дегі парақшасында.

Қытайда өткен кинофестивальде «Айка» фильмі екі жүлдеге ие болды
Неміс ғалымдары көмірқышқыл газынан күніне 10 литр бензин өндіре бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу