Казмидромет алдағы уақытқа ауа райына болжамын ұсынды

Oinet.kz 25-11-2019 890

26-28 қараша күндеріндегі ауа райына болжамын казгидромет ұсынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу ауа райы болжамы

Циклон мен атмосфералық ағымдар Қазақстан аумағына ығысып, жауын-шашын әкелді. Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы айтарлықтай көтерілді.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа ығысады. Соның әсерінен республиканың бүкіл аймағында ауа температурасы жоғарылап, кей жерлерде қар, тұман және көктайғақ күтіледі», - деп болжады синоптиктер.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан

26 қарашада күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -12℃, күндіз -8℃.

27 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -11℃, күндіз -9℃.

28 қарашада күн бұлтты. Түнде -9℃, күндіз -7℃.

Алматы

26 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -6℃, күндіз -3℃.

27 қарашада күн ашық. Түнде -9℃, күндіз -3℃.

28 қарашада да күн ашық. Түнде -8℃, күндіз -5℃.

Шымкент

26 қарашада күн ашық. Түнде -12℃, күндіз -1℃.

27 қарашада күн ашық. Түнде -9℃, күндіз +1℃.

28 қарашада күн ашық. Түнде -9℃, күндіз +2℃.

Ақтоты Райымқұлова екінші орын алған Ержан Максимге құттықтау жолдады
Қырғызстандықтар митингке шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу