Ауа райының нашарлауына байланысты 115 жол учаскесі жабылды – ТЖМ

Oinet.kz 10-01-2023 393

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан жолдарындағы бүгін 10:00-дегі жағдайды жариялады. Ауа райының нашарлауына байланысты 115 жол учаскесі жабылды, оның ішінде республикалық маңызы бар 39 жолда дизельді және қоғамдық көлікке жүруге тыйым салынған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазір Теміртау қаласынан шығатын тұста 57 көлік тұр.

Осы тәулікте құтқарушылар 7 адам, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады (Қостанай облысы – 7/5).

Уақытша жылыту пунктіне 59 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы– 7/5).

Алматы облысында жер сілкінді
Талдықорғандағы оқушы қыздардың төбелесі: полиция түсініктеме берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу