Алматы облысында жер сілкінді

Oinet.kz 10-01-2023 485

Бүгін 04:12 кезінде Алматы облысы, Талғар ауданы аумағында орын алған жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

"Жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған. Зілзаланың MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген "Алматы" кезекші операторының хабарламасында.

Ақмола облысында 21 жастағы жігіт жұмыс орнында қолынан айырылды
Ауа райының нашарлауына байланысты 115 жол учаскесі жабылды – ТЖМ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу