Сәуірдің 13-не дейін Қазақстан қиналады - танымал астролог

Oinet.kz 19-01-2022 16519

Танымал ресейлік астролог, саяси болжамдарының дәлдігімен көзге түскен Светлана Драган Қазақстанда қаңтардың басында болған оқиғаларды екі ай бұрын болжаған. Ол елдегі жағдайдың қиындай түсетінін экстрасенс Сергей Финькоға берген сұхбатында айтты.

Screenshot_6.jpg

"Әрине, мен тереңнен қозғағанды жақсы көрем. Өзіме алдын ала жазып қойғаным да бар. Қазақстандағы жағдай өте қиын, экономикалық, қаржылық қиындықтар, арандатушылық көріп тұрмын. Басқа елдерге қарағанда, Қазақстандағы жағдайдың әлдеқайда нашар болатынын айтқым келеді. Көбіне осыған жауап беретін бір жұлдыз жұмыс істеп тұр.

Алайда, бұл ғаламшар корольдік градуста, сондықтан, бәрі де жақсы болады. Бәрі де жақсыға бет бұрып келе жатыр. Алайда, көп жүйе бұзылады. Ақпан айында динамика бар, наурызда бәрі басқа жолмен жүреді. Ал қыс кезінде қауіп, қылмыс көп. Яғни, 2022 жылдың басындағы жағдай өзгеріссіз қиын. Қазақстан экономикасы да нашарлайды. Көпшілік үшін қиын кезең, жұрт не болып жатқанын түсінбейді.

Қаңтарда басталған оқиға наурыздың ортасына дейін шешімін таппайды. Наурыздың ортасында да бір жайттар болып қалуы мүмкін. Ақпан аяғынан бастап шындық үшін талас басталады. Жағдай 13 сәуірден бастап өзгереді. Сәуір айының аяғында жайбарақат кезең келеді", - деді астролог.

Айта кетелік, Светлана Драган Ресей, Украина мен Таяу Шығыс елдерінің болашағын дәл болжауы арқылы көпшіліктің сеніміне ие болған.

Сәкен Майғазиев өзін сынайтындарды «қарғап» тастады
«Тоқаев - екінші Шыңғысхан» - Танымал күйші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу