Петропавлда 4 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Oinet.kz 26-11-2019 917

Петропавлда дәрігерлер 4 жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Петропавловск.news сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Картинки по запросу терезеден құлап кетті

Амангелді көшесінің бойындағы бес қабатты үйлердің біріндегі пәтерден 2015 жылғы бала құлап кеткен. Қайғылы оқиға 24 қарашада болған. Ол қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Бала көптеген жарақат алған, миына зақым келген.  

Тергеушілер әзірше бұл істе кімнің кінәлі екенін таппады. Осы уақытта ата-анасының қайда болғаны белгісіз. Азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Құлбаев бірнеше нұсқаны айтты. Олардың бірі - ата-анасының үйінде болмауы.  

«11:55-те 2015 жылғы баланың терезден құлап кеткені туралы хабар келді. Алдын ала болжам бойынша бала терезені ашып, таза ауа кіргізбекші болған не ата-анасын шақырмақ болған немесе аулада ойнап жүрген балалармен сөйлескісі келген. Сосын москит торына сүйенген бетте құлап кеткен. Бала дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл жыл басынан бері төртінші жағдай», - деді СҚО ТЖС өкілі Құлбаев.  

«Нақты мәлімет жоқ, анасы ас бөлмесінде болды немесе дүкенге шығып кетті. Ақпаратты нақтылайтын боламыз. Себептерін тергеу органдары анықтайды», - деді ол. 

Халық интернет арқылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызына қол жеткізе алатын болады
Асқар Мамин: «Жұмысшыға жалақысын бермеу – жұмыс берушіге тиімсіз болу керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу