Халық интернет арқылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызына қол жеткізе алатын болады

Oinet.kz 26-11-2019 783

Үкімет басшысы Асқар Мамин мобильдік құрылғы арқылы қолжетімді мемқызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу Мобильдік құрылғы арқылы қолжетімді мемқызметтер

«Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызына халық интернет арқылы қол жеткізе алатын болады. Біздің алдымызда осы көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, 2020 жылы Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексінде 28-ші орынға шығу керек. Сондай жоспарымыз бар. Бүгінгі таңда 39-шы орындамыз. Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторына қол жеткізу үшін шаралар қабылдау қажет», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің айтуынша, халыққа сапалы әрі қолайлы мемқызмет көрсетуге біртіндеп қол жеткізіліп келеді.

«Дегенмен, назар аударалық бірқатар мәселе бар. Біріншіден, әлемдегі мемлекеттік қызмет көрсетуде цифрлық технологиялардың рөлі артып келеді. Қазіргі таңда мобильді интернетті кеңінен қолданады. Осы ретте мемлекеттік қызметтерді смартфондар арқылы алу бойынша сұраныс артуда. Бүгінгі күні «егов» қосымшасы арқылы 31 мемқызмет көрсетіледі. Бұл шамамен 4 пайыз ғана. Сондықтан, тұрғындар үшін мобильдік құрылғылар арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырамын», - деді ол.

WhatsApp мессенджерінде жаңа қызмет түрі пайда болды
Петропавлда 4 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу