Бәйдібек ауданында атыс көбейіп кетті

cutfl-nafkA.jpg

Алақандай Бәйдібек ауданында соңғы кездері тұла бойыңды түршіктіретін   қылмыс жиілеп кетті. Асыра сілтеді деп сөкпессіздер, бұл  ауданда адам  ату аң атудан бетер болып әдетке айналып барады. Оның қайсыбірін тізейік, ауылдың қақ ортасындағы үйінде өрімдей жасты аң қуған сияқты қуалап жүріп атқаны жайлы бір фактіні айтсақ та жеткілікті. Ал мына фактіні айтсаңызшы. Бір ауылда бір-бірімен аралас-құралас қоныстанған Ошақбаевтар мен Ахатаевтар отбасыларының арасында жерге талас туындап, бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан әр алуан келіспеушіліктің ақыры екі бірдей арыстай азаматтың өлімімен аяқталды. Дәлірегі Ахатаевтар Ошақбаевтардың екі бірдей  Өзге жұртқа жетпей жатса да екеуіне де  жүздеген гектар  жер еншілеріне тигеніне қарамастан бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан арасындағы жер дауы арыстай екі азаматтың өлімімен, біреуінің қатты жарақаттанғанымен аяқталғанын республика жұртшылығы естіді. Қазақпен бірге жасасып келе жатқан жер дауы халқы аз, көлемі үлкен Бәйдібек ауданында орын алады деп кім ойлаған? Дегенмен, оқиға орын алды. Қылмыстың ақ-қарасын тиісті органдар анықтай жатар. Дегенмен, сыздауықтай сыздап, даудың күннен-күнге ушығып келе жатқанын білетін аудан басшылары, ақсақалдары мен халық қалаулылары тарапынан басу айтып, қылмыстың алдын алуға болмас па еді? Сіз қалай ойлайсыз?

Садық Кенжебаев, Бәйдібек ауданының әкімі: 

Екі отбасының арасында бұрыннан келіспеушіліктер, айтыс-тартыс, төбелес те болған. Үнемі бірінің үстінен бірі арыз жазып жүреді. Оққа ұшқан екі жігіт бұрын сотты болып, бостандыққа биыл шыққан екен. Қылмыс тұрмыстық жағдайда болған ғой, алдын-ала адам өлтіретінін біз қайдан білейік? Бұрынырақта да қазіргі облыстық мәслихаттағы депутатымыз Асан Заманханның інісімен алқасы да түсініспеушілік туындап, арты дауға ұласқанын естігенбіз... 

Ауылда өтетін түрлі жиындар ол екі отбасынсыз өтпейді. Соның барлығында бірінің үстінен бірі арыз айтумен болады. Тек жер мәселесі емес, басқа салаларда да жиі арызданады. Арыз жазылғаннан соң біз амал жоқ оны қараймыз ғой. Орынбасарларым бірнеше рет жиын өткізген. Дәл осы даумен өзім арнайы жиын өткізбесем де, ауыл әкімдерінің жиналысында талай талқыға түсті. 

Асан Заманхан, облыстық мәслихаттың депутаты:

Менің естуімше, оққа ұшқан жігіттердің отбасы атқан баланың отбасына көп зәбір көрсететінге ұқсайды. Оны білетін себебім, осыдан 4-5 жыл бұрын бидай егіп, нәпақа тапқысы келген Ақбастау ауылының адамдарымен Ошақбаевтар отбасы арасында алқап басында атыс болған деп естігенмін. Ал кешегі атқан баланың әкесімен кезінде қызметтес болғанмын. Сол себепті ол отбасыны жақсы білемін. Өте қарапайым адамдар. Бәрі де отбасындағы тәрбиеге байланысты ғой. Әрине, адам атқаны дұрыс емес, дегенмен, оларды Ошақбаевтар отбасы оқ атуға дейін мәжбүрлеген болуы керек. «Бәлелі жерге бармағыңды...» деген бар емес пе, шынымды айтсам, мұндай айқай-шуға араласқым келмейді. Мұнымен айналысатын арнайы органдар бар емес пе? Ауданда алқа билер бар, басқа да қоғамдық негіздегі ұйымдар бар. Солар араласса да болар еді. Бірақ, ол аудандық әкімшіліктің жұмысы ғой, елмен кездессін, сұқбат өткізсін... Өкінішке орай, қазір адам өлтіру – шыбын өлтірумен бірдей болып қалды ғой. Ұнамай қалды ма, атып кете салады. Осының бәрі құқық қорғау органдарының осалдығы. Мен дәл осы мәселе бойынша ешқандай әрекет жасаған жоқпын. Сайлаушылармен кездескенде де олар келмейтін. 

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев неміс компанияларына ұсыныс жасады
  • Біртанов Кентау ауруханасына оң баға берді
  • Түркістанда көпсалалы аурухананың құрылысы басталды
  • Қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде
  • Түркістан: Халыққа заң жүзінде көмек көрсету жөнінде көшпелі отырыс өтті
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика