Мұхтар Шаханов: «Ғашық болып өлу қандай мәртебе!»

Oinet.kz 29-11-2017 1159

Еліміз үшін төккен тері мен сіңірген еңбегі есепсіз дарабоз қайраткер, қоғам мен  сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне арқау еткен ақиық ақын Мұхтар Шаханов биыл 75 жасқа толды. Алтын әріптермен қазақ тарихында жазылған талантты қаламгердің мерейтойы аясында туған жері-оңтүстік өңірінде «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеш  ұйымдастырылды.

Screenshot_5.jpg

«Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кешке байланысты Шымкенттегі  Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театырының фоэсінде арнайы көрме ұйымдастырылып, ақынның кітаптары мен ақын жайындағы зерттеулер, естеліктер мен мақалалар қойылды. Драма театрға жиналған оқырмандар  біртуар тұлғаға толассыз тілектерін жаудырды. Жиын барысында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтің    Шахановтың шығармашылығын, қоғам қайраткерлігін  мақтау аздық ететінін, қайта онымен мақтану қажеттігін қадап айтуы сол қалың оқырман тілегінің түйіні болды. 

Шахановтың түпсіз терең шығармашылығының қайсыбіріне бойлап үлгерейік, «Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде, Ғашық болып өлу  қандай мәртебе!», - деу арқылы адам баласының өмірдегі мақсатын қалай баяндайтынының өзі не тұрады?  «Сейхундария», «Күретамырды іздеу», «Арман», «Шың басындағы оқиға»...тізбектеп айтып тауыса алмайтын осынау жақұт жырлары жаныңды бірде жадыратып, бірде жылатып, әлем тапырық  философиялық күй кештіреді. Драматургия саласына қосқан үлесі де қомақты. Талай туындылары шет тілдерге аударылған.Кеш барысында болмыс-бітімі, қалам сілтесі елден ерекше ақын тағы бір қырынан танылды. «Отырар дастаны» поэмасының желісі бойынша түсірілген анимациялық фильм көрермен қауымға көрсетілді. 

Әдемі әсер сыйлаған кеште қаламгерлер тарапынан жүрекжарды лебіздер айтылып, Тамара Асар сынды танымал әншілер ақынның сөзіне, әніне жазылған шығармаларды  орындады. Жиналған оқырмандар үшін ең басты жетістік,   ұлт мақтанышы Мұхтар Шахановтың өзі оқыған өлеңдерін тыңдап тамсанып қайтты. 

«Түркістанның рухани керуенінің» жалғасы киелі шаһарда өтті
ҚР Тұңғыш Президенті күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да аталып өтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу