АӘК тағайындаудың жаңа ережесі түсіндірілді

Oinet.kz 03-12-2019 945

2019 жылдың қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау ережесі өзгереді. Алдағы уақытта кедейшілік шегі мен отбасының кірісі есептеліп, айырмашылығы төленбек. Бұл туралы ақтөбеліктермен кездескен жауапты мекеме басшылары түсіндірді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап.

АӘК.jpg

Бүгінде  қала бойынша он мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Осы уақытқа дейін бұл мақсатқа 4 миллиард 200 миллион теңге бөлінген. Ал отбасының табысы белгілі мөлшерден асқан 313 отбасыға көмек көрсету тоқтатылған.

Мамандардың айтуынша, 2020 жылдан бастап енгізілетін өзгеріс масылдықты жоюды көздейді. Бұдан өзге көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны өсіру қарастырылып отыр.

"Ең бастысы, бүгінгі күнге дейін бала күтімімен 7 жасқа дейін отыра алса, енді ата-ананың біреуі бала күтімімен 3 жасқа дейін отыруы тиіс. Және еңбекке жарамды отбасы мүшесі міндетті түрде жұмысқа орналасуы қажет. Балалар жәрдемақысы туралы айтсақ, ол жерде 4 балалы отбасыларға 42 500 теңгеден, 5 балаға 53 мың теңге, 6 балаға 63 000 теңге және 7 және одан да көп балаға 73 мың теңгеден төленеді", - дейді   қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Алтынай Мақанова.

Әлия Назарбаева қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
Месси «Алтын доп» жүлдесін алтыншы рет жеңіп алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу