Шымкентте 11 сынып оқушысы онкологиялық ауруға қарсы дәрі ойлап тапты

Oinet.kz 05-10-2017 2750

Дәріні ойлап тапқан ізденімпаздың есімі – Аделя Кеутаева. Қаладағы зияткерлік мектебінің 11 сыныбында оқиды. Ол жусанды зерттеп, дәрі сығындысын жасауды ұйғарады. Себебі табиғи шөптің құрамы дәрумендерге бай. Әрі ауыр металдар жусанда кездеспейді. Жас ғалым жобаны жасауда бірнеше ай еңбектенді. Жетекшісімен бірге онкологиялық ауруға шалдыққан науқастармен жүздесіп, зерттеу жүргізген. Білікті дәрігерлермен кеңесіп, ағзаға қандай дәрі қажет екенін зерделейді. Автор әзірге дәрінің атауын ойластырмапты. Дегенмен бұл жаңалыққа қызығушылық танытушылар көп. Тіпті шаһардағы фармацевтикалық зауыттың жүлдесіне ие болған. 

Screenshot_11.jpg

Жас ғалым Аделя Кеутаева дәріні қалай ойлап тапқанын айта келе:

- Бұл жобаның кереметтілігі, біз мұнда шөп тамырын пайдаланып отырмыз. Ешқандай химиялық қоспа жоқ. Яғни 90% ащы жусанның тамырын алдық. Ол ісік жасушаларын жою арқылы адам ағзасының дамуына көмегін береді. Онкологиялық ауруды айықпас дерт деп жатады. Дегенмен мен ойлап тапқан дәрі-дәрмек қоғамға пайдасын алып келеріне сенімім мол, - деп өз ойымен бөлісті. 

Елімізде ұшақ билетінің құны 12 пайызға төмендеді
Ұстаздарға 2,5 миллион теңге сыйақы берілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу