Министрлік корпоративтің орнына балаларға арналған қайырымдылық ертеңгілігін өткізеді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Еңбекмині) қызметкерлері мерекелік корпоративті шараның орнына табысы аз және көпбалалы отбасылардан шыққан 300 балаға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға арналған қайырымдылық жаңа жылдық таңертеңгілік өткізуге шешім қабылдады.

Screenshot_5.jpg

Еңбекминінің ұжымы мұқтаж отбасылардың балаларына таңертеңгілікті және сыйлықтарды ұйымдастыруға ерікті түрде ақшалай қаражат жинады

«Біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыс істейміз. Біздің ұжымның әрбір қызметкері көмекке және әлеуметтік қолдауға мұқтаж қазақстандықтардың өмірін жақсартуға өз үлесін қосады.  Бұл қайырымдылық акциясы биылғы жылы жұмысымыздың жақсы аяқталуы болады деп есептеймін!  Ал, балаларға мереке сыйлау – игі іс», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Жаңа жылдық ертеңгілікке шақырылатын балалардың тізімін Еңбекмині қызметкерлері елордалық әкімдіктің мамандарымен бірлесіп жасады. Оған табысы аз, көпбалалы отбасылардан шыққан 300 бала, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар кірді.

Мерекелік шара 29 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді. Балалар Аяз ата мен Ақшақармен бірге шыршаның айналасында билеп, «Ақ патшайым» театрландырылған қойылымын тамашалап, сыйлықтар алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елбасы Түймебаевқа бірқатар тапсырма берді
  • Антарктида қары жоғары жылдамдықпен еруде
  • 400 мың тоннаға жуық бензин шетелге контрабандамен өтіп кеткен
  • Әскердегілердің несиесі уақытша тоқтатылуы мүмкін
  • Бекзат Саттархановтың әкесі бақилық болды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика