Хабиб Нурмагомедов Алматыда зағип балалармен футбол ойнады

Oinet.kz 26-12-2019 906

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» футбол клубының базасына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу хабиб нурмагомедов алматы

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК базасына барып, көздері нашар көретін немесе мүлдем көрмейтін ойыншыларға арналған Kairat Blind Football Team командасымен футбол ойнады. Нурмагомедовпен бірге «Қайрат» базасында UFC-дің тағы бір спортшысы Зубайра Тухугов та қонақта болды. Кездесу барысында UFC чемпионы жігіттерді Дағыстанға шақырды. Келесі жылы Kairat Blind Football Team ойыншылары әлемнің ең танымал спортшысының бірінің шақыруымен Дағыстанға барып, жергілікті командамен жолдастық кездесу өткізеді.

Хабиб Нурмагомедов Алматыда зағип жандармен футбол ойнады


Түркістан: Жастар жылының жабылуына орай «Town Hal» форматында жиын өтті
Назарбаев: «Путиннің уәдесін алу оңай іс емес»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу