Президент Роза Мұқанованы құттықтады

Oinet.kz 19-01-2020 1272

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы-драматург Роза Мұқанованы қабылдап, "Фариза" пьесасының табысты қойылуымен құттықтады.

Бұл туралы президент Twitter-парақшасында жазды, деп хабарлайды OINET.KZ

image.png

"Белгілі жазушы-драматург Роза Мұқанованы қабылдадым. Қазақстан, Ресей көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген "Фариза" пьесасының табысты қойылуымен құттықтадым", - деп жазды Тоқаев. 

Роза Мұқанова мемлекет басшысына Қазақ ұлттық өнер университетінің жас мамандарды даярлау бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты. Әңгімелесу барысында отандық драматургия мен театр өнерін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Instagram желісінде енді өңделген суреттерге де тыйым салынуы мүмкін
Қазақстандықтар миллион теңге ұтып ала алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу