Қазақстандықтар миллион теңге ұтып ала алады

Oinet.kz 19-01-2020 4109

Республика аймағында еріктілер (волонтерлер) арасында жаңа конкурс өткізуді жоспарлап отыр. Конкурсқа әр өңірден онға жуық волонтерлер мен ұйымдар іріктеледі.

Еріктілер немесе ұйымдар игі істер байқауында миллион теңге ұтып ала алады. Бұл туралы азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеттің төрағасы Әлия Ғалымова хабарлады.

Znalezione obrazy dla zapytania миллион тенге

Елде "Жаңа бастама" байқауы жарияланады. Ол барлық өңірде өтпек. Онға жуық бастама іріктеліп алынады.

"Волонтерлер мен волонтерлер ұйымына қаржылай қолдау көрсетіледі. Үздік жобаларға бір миллион теңге шамасындағы сома беріледі деп жоспарлап отырмыз. Жұмыс жақын арада басталады", - деді Ғалымова премьер-министрдің баспасөз қызметіне берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, волонтерлер тегін жұмыс істеуі керек деген түсінікті жою керек. 

"Егер жануарларға арналған орындар туралы айтар болсақ, оларға тамақ керек. Ал іздеумен айналысатын волонтерлер үшін рация, көлік, арнайы киім сынды заттар қажет", - азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрайымы

Елде "Жылдың үздік еріктісі" премиясы енгізілмек.

Елімізде 200-ден астам ұйым волонтерлік қызмет атқарады. Бұл қозғалысқа 50 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың Волонтер жылы деп жариялаған болатын.

Президент Роза Мұқанованы құттықтады
Еліміздің бірқатар өңірлердегі автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу