Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

Oinet.kz 21-01-2020 1649

Мемлекет басшысының бұйрығымен өңір басшысы Болат Бақауов қызметінен босатылып, жаңа әкім тағайындалды. Ақорда ресми сайты хабарламасында "Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалсын.", - делінген. 

Znalezione obrazy dla zapytania Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов 17 қаңтарда екі айға қамауға алынған болатын. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізген еді. 

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1995 жылы Ақмола қаржы-экономика техникумын "Салықтар қаржыгері" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "Қаржыгер және экономист" мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2017 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

2014-2016 жылдары Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2016 жылдың 1 желтоқсанынан 2019 жылдың 25 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы қорғансы министрінің орынбасары болды. Сқақов 2019 жылдың 25 сәуірінен Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарған еді. 

Әлеуметтік көмек алған 2249 отбасы өз кәсібін ашқан
Германиядағы жағдайдан соң, қазақстандық магистранттар оқудан шығарылды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу