Ақтүтек боран, қатты дауыл: Еліміздің бірнеше өңірінде сабақтар тоқтатылды

Oinet.kz 24-01-2020 821

Бүгін, 24 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде мектептегі сабақтар тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасаған Oinet.kz

79566cbd880395c228ed5f2b4008b147.jpg

Павлодар облыстық Білім беру басқармасының ақпараты бойынша, Павлодар және Екібастұз қалаларында, Баянауыл, Май, Аққулы, Павлодар, Шарбақты аудандарында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Шығыс Қазақстан облысында қатты желге (15-20 м/с) байланысты Ұлан ауданы, Тарғын ауылында, Жоғарғы Тайынты ауылында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары оқымайды.

Ақмола облыстық Білім беру басқармасының мәліметінше, қатты бұрқасынның салдарынан Степногрск қаласында 0-4 сыныптарда, Астрахан, Аккөл, Біржан сал, Сандықтау, Целиноград, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды және Егіндікөл аудандарында 0-11 сыныптарда сабақ тоқтатылған.

Жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеді
Қазақстанда смартфонды «жалға» беретін сервис іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу