Нұр-Сұлтан қаласында көшелерде қасқырлар жүр деген хабар тарауда
Нұр-Сұлтан халқы көшеде кезіп жүрген қасқырлардан қорқу үстінде деген хабар тарап жатыр. Олар мессенджерлер арқылы қалада жүрген жыртқыш аңның суреттері мен бейнежазбаларын жіберуде.

Дауыстық хабарламалардың бірінде:
"Үйде отырыңыздар, ешқайда шықпаңыздар, маған жаңа ғана досым хабарласым қалада 1 топ қасқыр жүргенін айтты", - делінеді.
Әзірге қалада расында қасқырлар жүр ме, бұл жағы белгісіз.


