Гүлнара Каримованың Ұлыбританиядағы жылжымайтын мүлкінің тізімі жарияланды

Oinet.kz 29-01-2020 679

Аса ірі көлемдегі алаяқтықпен күресетін ұлыбританиялық SFO (Serious Fraud Office) бюросы Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі жылжымайтын мүліктер тізімін жариялады,  деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына Oinet.kz сайты сілтеме жасап

poli.jpg

Суррей графтығындағы зәулім үй және Лондон қаласындағы беделді аудандарындағы екі пәтер туралы айтылады. Олардың жалпы құны - 40 миллион фунт стерлинг (52 миллион доллар). 

Суррей графтығындағы Gorse Hill Manor поместьесін Каримова 2010 жылы 18 миллион фунтқа сатып алған. Бүгінде бұл нысан 30 миллион фунтқа бағаланған. Оның ауласында 1912 жылдан бері келе жатқан көл бар және бау-бақшасы 70 мың шаршы метр.  

Лондондағы пәтерлердің бірі Мейфэр ауданында (8 миллион фунт), екіншісі - Белгравия ауданында (2 филлион фунт) орналасқан. 

Айта кетейік, 2018 жылы қазанда SFO Ұлыбритания Жоғарғы сотынан Заң бойынша қылмыстық жолмен келген активтерді тәркілеу туралы арыз берген. Бұл активтерді Гүлнара Каримова мен Рустам Мадумаров Өзбекстанда сыбайлас жемқорлық арқылы алған делінеді.  

Еске салайық, 2019 жылы наурыздан бері Гүлнара Каримова Ташкент ауданындағы № 21 жалпыға бірдей колонияда жазасын өтеп жатыр. Қаңтарда Ташкентте Каримоваға қатысы бар тағы бір қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы басталды. 

Коронавируске қарсы вакцина ойлап табылды
20-дан аса қазақстандық Қытайдан оралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу