​Ауылдасын алдап, өзгеге тиесілі мүлікті сатып жіберген тұрғын анықталды

Oinet.kz 13-04-2021 822

Түркістан облысы, Жетісай АПБ-ға арызданған жергілікті түрғын алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді. Танысы бөтен үйдің алдында тұрған трактор тіркемесін (тележкасын) өзінікі екендігіне сендіргендіктен, сатып алған. Тіркемені алып кеткен соң, заңды иесі, полиция қызметкерлерімен бірге сатып алушының үйіне барған. 

Screenshot_1.jpg

Орын алған түсінбеушіліктің барысында тәртіп сақшылары аталған іске біреудің мүлкін заңсыз иеленіп, сатып жіберген күдіктіні анықтады.Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, күдікті Жетісай АПБ-ға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі барысында, ол өзінің қылмысын толығымен мойындаған. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Айғақты зат тележка заңды иесіне қайтарылды. Түркістан облысының полицейлері алаяқтардан әрдайым сақ болу керектігін ескертеді. Олар өз олжасына қол жеткізу үшін, түрлі айла-амалдарды қолданады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бас мүфти үндеу жасады
Танымал кәсіпкер халықтың жағдайын ойлап еңіреп жылап жіберді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу