Жамбыл облысында алтын өндірілетін болады

Oinet.kz 29-01-2020 857

Өңір басшысы инвесторлармен кездесті.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Қордай аймағында алтын өндіретін кәсіпорынды салуға ниетті Aurum Deutschland компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Today.kz. порталына Oinet.kz сайты сілтеме жасап.

1-300x180.jpg

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, компания Қазақстан нарығына жаңадан келіп отырған жоқ. Неміс инвесторлары жобаға 329 миллион еуро инвестиция салуды жоспарлап отыр, іске асыру мерзімі - тоғыз жыл.

Биыл тау-кен байыту фабрикасының жобасын аяқтап, келесі жылдан бастап, жылына бес тоннаға дейін алтын шығаратын зауыт салуға кірісу қажет.

Бұл үшін жергілікті билік 300 гектар жер бөліп жатыр, құрылыс жұмыстарына 350 адам тартылады. Кәсіпорын өндіріске енгеннен кейін 800 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Заид мешітінде қолтаңба қалдырды
Биыл елордада жауған қар осыдан 56 жыл бұрынғы рекордты қайталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу