Путин израильдық қызды кешірді

Oinet.kz 30-01-2020 1121

Президент Владимир Путин Ресейде Шереметьево транзиттік аймағында табылған 9,6 грамм гашиш үшін 7,5 жылға колонияға үкім шығарған израильдік Наама Иссахарға кешірім жасау туралы жарлыққа қол қойды. Путин өткен аптада Исахардың анасына "бәрі жақсы болады" деген уәде берген болатын.

Наама Иссахар

Жарлықтың мәтінінде Ресей президенті "ізгілік қағидаларын басшылыққа ала отырып" деп жазған. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Өткен аптада, 23 қаңтарда Путин Израильге сапары кезінде өткен жылдың қараша айында қызына кешірім жасау туралы өтініш білдірген анасымен кездесті. Ол оған "бәрі жақсы болады" деп уәде берді.


Қарағанды облысында үш азамат мешітте ажал құшты
«Сыра королі» Тоқтар Төлешов өзінің бұрынғы сыра зауытымен соттаспақшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу