Тоқаев Ақордада Ресейдің жаңа премьер-министрімен кездесті

Oinet.kz 01-02-2020 815

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Ресейдің жаңа премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Мишустинді Ресей үкіметінің төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Sputniknews.kz порталына сілтеме жасап. 

1331bfc3cd2ffd1ea19fe830a6f99f56.jpeg

«Мен сізді осы жоғары лауазымға тағайындалуыңызбен құттықтаймын және Ресейдің игілігі жолында сәттілік тілеймін. Сондай-ақ, менің әріптесім, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге сәлем жолдап, ізгі тілегімді жеткізсем деймін», - деді Тоқаев Ақордада Мишустинмен кездесуде.

Ресей премьер-министрі Ресей мен Қазақстан бауырлас серіктес, одақтас елдер екенін атап өтті.  

«Біздің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді, аймақаралық қатынастар және іскерлік байланыстар нығаюда, біздің елдеріміз еуразиялық экономикалық интеграция, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, ТМД және ШЫҰ процестерінде жетекші рөл атқарады. Бұған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев көп еңбек сіңірді», - деді Мишустин Қазақстан президентімен кездесу барысында.

Еске сала кетейік, бұл Михаил Мишустиннің осы қызметтегі алғашқы шетелдік сапары.

Ресей үкіметінің басшысы Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жұмысына қатысу үшін 31 қаңтарға қараған түні Қазақстанға келді.

Михаил Мишустин Digital Almaty форумына қатысып, ЕАЭО аумағында электрондық цифрлық қолтаңбалардың біріктірілген жүйесін құру туралы ұсыныс айтты.  

Ол сонымен бірге Алматыда қазақстандық әріптесі Асқар Маминмен кездесті.

Ғалымдар коронавирусты тоқтататын дәрілік затты атады
Жамбыл облысында көлік жүргізушісі қойшыны отар қойымен бірге қағып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу