Жамбыл облысында көлік жүргізушісі қойшыны отар қойымен бірге қағып кетті

Oinet.kz 01-02-2020 983

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолында жол апаты орын алып, салдарынан екі адам, жылқы және отызға жуық қой зардап шеккен деп хабарлайды Oinet.kz сайты  NUR.KZ. порталына сілтеме жасап.

e18fe4a200dca55b62d62e4843830521.jpg

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға күні кеше, 31 қаңтарда болған Polisia.kz жазуынша, иномаркалы автокөдік тізгіндеген жүргізуші қойларын жолдан өткізбек болған қойшыны қағып кеткен.

Артынша, сол бағытта жүріп бара жатқан жүк көлігі қойшыны қаққан автокөлікпен соғысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан иномарка жүргізушісі, қойшы мен оның жылқысы және отызға жуық қой зардап шеккен. Адамдарды жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610 бабының екінші бөліміне сәйкес хаттама толтырған.

Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі дайын болған соң Заң аясында қандай шара қолданылатыны белгілі болады.

Еске сала кетсек, Ақтауда полицейлер жаяу жүргіншілер жолында келіншекті қағып кеткен көлік жүргізушісін іздеп жатқаны хабарланған. Зардап шеккен әйел түрлі жарақаттармен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасы 27 қаңтар күні сағат 08:40 шамасында 12 және 13-шағын ықшам ауданы арасында орналасқан полиция департаментінің маңындағы жаяу жүргіншілер жолында болған.

Тоқаев Ақордада Ресейдің жаңа премьер-министрімен кездесті
Дәрігер коронавируcтен сақтанудың қарапайым 5 ережесін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу