Қазақстанда бес адам теракт жасамақ болған

Oinet.kz 03-02-2020 1113

Олардың бәрі бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотты болғандар.

Деструктивті діни ағымның бес ізбасары қамауға алынды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

"2020 жылы 27 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Таразда лаңкестік күдігімен деструктивті діни ағымның бес ізбасарын ұстады, олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Олардың бәрі бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотты болғандар", - деп атап өтті департаменттегілер.

Бұл адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстінің 257-бабы, яғни "Террористік топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу", сондай-ақ 256-бап, яғни "Терроризмді насихаттау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеушілердің айтуынша, бұл топ республикамызда халық көп жиналатын жерлерде теракт жасау мақсатында құрылған. Тергеу жүріп жатыр.

Шымкентте кемшіліктерге жол берген Құрманбекова Түркістанда кеңесші болды
Бала күтімі бойынша жәрдемақыны көбейту жоспарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу