ҰҚК: "Жусан" операциясы аяқталды

Oinet.kz 06-02-2020 1211

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Жусан» гуманитарлық операциясы бойынша қорытынды шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz  сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.

news_full15809795770cf2d2b31083925153e6cd63c353cca6.jpg

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Youtube парақшасында жарияланды. 

«2019 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылды. Операцияның бірінші кезеңінде 47 адам, оның ішінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала, екінші кезеңінде 231 адам, оның ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала (18 жетім), үшінші кезеңінде 246 адам, оның ішінде 8 ер адам, 67 әйел және 171 бала (9 жетім), төртінші кезеңінде 71 адам, оның ішінде 3 ер адам, 19 әйел және 49 бала (5 жетім) елге жеткізілді. Осылайша, жалпы Сириядан қайтарылғандар саны – 595 азамат (33 ер адам, 156 әйел, 406 бала (32 жетім)», - делінген ресми хабарламада. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, елге қайтарылған барлық әйел мен бала оңалту және бейімдеу курсынан өткен. Терррористік ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін 31 ер адам мен 12 әйел сотталған. Тағы 14 адам тергеліп жатыр.


Ухань крематорийлерінде жұмысшы жетіспейді: Қызметкерлер күн сайын мәйіттерді тасып жүр
Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары мен бірнеше басшы сотталып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу