Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары мен бірнеше басшы сотталып кетті

Oinet.kz 07-02-2020 815

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова мен білім беру саласы экс-басшыларына қатысты іске нүкте қойылды. Мемлекет бюджетінен 110 млн теңгені талан-таражға салды деп айыпталған 8 адамға қалалық №2 сот үкім шығарды деп хабарлайды Oinet.kz сайты "Астана"арнасына сілтеме жасап.

866719CC-4452-4989-A286-9B40DA5EC1C3.jpeg

2 жылға бас бостандығынан айырылған Сайлауова енді өмір бойына мемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларда жұмыс істей алмайды. 

Айта кетерлігі, өткен жылдың 18 наурызында тергеу абақтысына қамалған экс-шенеуніктің қамаудағы әр күні екі күн болып есептелмек. Демек, ол жақын уақытта бостандыққа шығуы да мүмкін. 

Ал жетім балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктерден ақша жымқырған облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасары Роза Қабдолова болса 4 жыл жаза арқалады. 

Оның басшысы болған Қайырғали Кенжеғалиев 2 жылға шартты түрде сотталумен шектелді.

Сотталушылар келтірілген шығынның жартысын мемлекет пайдасына өтеп үлгерген. Қазір қалған сома 51 млн теңге. 

"51 миллиондай мемлекетке шығын келтіріп отыр. Жеке кәсіпкерлердің бәрі таныстары болған. Жұмыстың жартысын жасап, жартысын жасамаған. Сонымен қатар жаңа жылдық шыршаларға бөлінген ақша қаражаттарын  өздерінің таныс жеке кәсіпкерлеріне ауыстырып, бұл ақшалардың 10 пайызын жеке кәсіпкерлерге беріп, қалған 90 пайызын алып, өздері жұмыстар жүргізген", - деп мәлімдеді Атырау қалалық №2 сотының судьясы Ташимов.


ҰҚК: "Жусан" операциясы аяқталды
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 636 адамға жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу