Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 636 адамға жетті

Oinet.kz 07-02-2020 822

Өткен тәулікте 73 адам қаза тапты. 31 мыңнан астам адам 2019-nCoV вирусын жұқтырды. Қытайда қайтыс болғандар саны 636 адамға жетті. Бұл туралы ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті 7 ақпанда хабарлады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

photo_306974.jpeg

6 ақпан түн жарымға дейінгі жағдай бойынша денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетке 31 провинциядан (аудандардан, орталыққа бағынатын қалалардан) келген мәліметтерге қарасақ, коронавирустың жаңа түрінің салдарынан пневмония жұқтырған 31 161 адам болып отыр. Олардың ішінде 4827 адам ауыр халде, 636 адам қайтыс болды және 1540 адам емделіп, ауруханадан шықты, – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Соңғы тәулікте Қытайда 73 адам қайтыс болып, 3,1 мың жұқтырған. 

Мұнымен қоса, Гонконгта 24 адам (оның ішінде бір адам қайтыс болды), Макаода 9 адам, Тайванда 16 адам жұқтырған. 

Сонымен қатар, 26,3 мың адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен ауруханада жатыр.

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары мен бірнеше басшы сотталып кетті
Коронавирус: Hyundai компаниясының өндірісін тоқтатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу