Қордайдағы тәртіпсіздік: Жарақат алған 41 адам ауруханада жатыр

Oinet.kz 12-02-2020 839

Қордайдағы кикілжің кезінде жарақат алған 41 адам қазір ауруханаларда жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz сайты  KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

unnamed.jpg

Зардап шеккендердің 29-ы Алматыда, 11-і Қордай ауданында, біреуі Таразда емделуде. Қордайдағы бір науқас бүгін санитарлық авиациямен Алматыға жеткізілмек.

Сондай-ақ, бес науқастың жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды. Ауруханаға түскендердің ең жасы 17-де болса, үлкені 77-де.

«Пациенттердің бәріне де емдеу, диагностика стандарттарына байланысты толыққанды тегін медициналық кепілді көмек көрсетіліп жатыр. Барлық жағдай тікелей денсаулық сақтау саласының қадағалауында», - қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаев.

Айта кетейік, жаппай тәртіпсіздік кезінде жараланғадарға көмек көрсету үшін Нұр-Сұлтаннан білікті нейрохирург Серік Ақшолақов пен травматолог Мейрам Баубеков те барған.

Еске сала кетсек, Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 10 адам мерт болды.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. Құқық қорғау органдарының 19 қызметкері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған. Әзірге ұсталғандардың нақты саны белгісіз.

Елбасы: "Қордайдағы оқиғада құқық қорғау органдары жіберген қателіктер бар"
Коронавирус құрбандарының саны 1068 адамға жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу