Коронавирус құрбандарының саны 1068 адамға жетті

Oinet.kz 12-02-2020 804

Қытайда бір күнде COVID-2019 коронавирусына шалдыққан 1638 адам тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

158fc5472578203a3104d08bcac4b4ac.jpg

Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны 1068-ге, ал жұқтырғандардың саны 33 366 адамға жетті. Бір күнде 1638 адам инфекция жұқтырған жағдай тіркелді, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау комитеті 12 ақпанда.

2639 науқас сауығып үлгерді. Ресми өлім деңгейі 3,2% құрады, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда төмен.

Бүгінгі таңда коронавирус індетіне шалдыққандар әлемнің 24 елінде тіркелген.

ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін бір жарым жылға дейін уақыт кетуі мүмкін екенін айтты.

Қордайдағы тәртіпсіздік: Жарақат алған 41 адам ауруханада жатыр
Қазақстан Халқы Ассамблеясына бөлінген қаражат көлемі анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу