SwissPost компаниясы Абай мен Әбу Насыр әл-Фарабиге арнап мерейтойлық почта маркаларын шығарды

Oinet.kz 12-02-2020 861

Швейцарияда қазақтың ұлы ақыны Абай мен Әбу Насыр әл-Фарабиге арнап арнайы почта маркалары шығарылды. Аталмыш марка ақынның 175 жылдығы мен Әлемнің екінші ұстазының 1150 жылдығына арналған мерейтойлық сый, деп хабарлайды Kazinform.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

1581478282100.jpg

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, пошта маркаларын шығару бастамасын Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі көтерген. Дипломатиялық өкілдік маркаларды күнделікті іскерлік хат алмасуда қолданатын болады. Сондай-ақ оларды Швейцария бойынша тарату жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Айта кетсек, аталмыш елде халықаралық филателиялық көрмелер бірнеше рет өткен болатын. Бұл мемлекеттің поштасы мен пошта маркалары елдің басты брендтері саналады. SwissPost маркалары коллекционерлер мен туристер арасында өте танымал. Ал бұл компанияның хат айналымы жылына 2 млрд хатқа дейін жетеді. «Швейцарияда заманауи цифрлық технологиялар мен электрондық қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта ең танымал байланыс ресурстарының бірі болып табылады. Бұл тек елдің азаматтары мен тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар компаниялар, халықаралық ұйымдар, федералды, кантондық және муниципалды органдарға да қатысты», - делінген СІМ мәліметінде.

Атырауда дәрігер нәрестені қасақана өлтірмек болған
Коронавирусқа жаңа есім берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу