Елорда әкімі отставкаға кете ме?

Oinet.kz 12-02-2020 1029

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халықпен кездесу өткізіп, қойылған түрлі сауалдарға жауап берді. Микрофонға жақындаған журналист елордададғы Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтың пара алғандығы туралы хабарламадан кейін елорда әкімі оставкаға кетуді жоспарлап жүрген жоқ па деген сауал қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

123237.jpg

Көлгінов бұл сауалға мысқылдап: "Мені осыншалық жақсы көретіндеріңіз үшін рақмет", - деп жауап берді.

Кейінірек ол өзінің лауазымы мен қызметіне байланысты алдағы барлық іс-әрекеттердің заң аясында шешілетінін нақтылап өтті. Естеріңізге сала кетейік, жуырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елордадағы Байқоңыр ауданының басшысы пара алды деп күдіктеліп жатқанын хабарлаған еді. Ведомствоның мәліметінше, ол пара ретінде соңғы үлідегі iРhone ұялы телефонын алды деген күдіктелуде. Кейінірек жалған актілер туралы да белгілі болды. Шенеунік оларға қол қойған деген күдікке ілінген. Есілов ұсталған жоқ, себебі ол бар кәнісін мойындап, өкінетінін білдірген.

Сондай -ақ, БАҚ-та бұрын аудан басшысының басқа пара алғаны туралы ақпарат пайда болды. Мәлімет бойынша, пара 4 млн теңгені құраған. Алайда, бұл деректер расталмады.

Прокуратура Қордайдағы мәселеге байланысты үндеу жариялады
«Көпұлтты Қазақстан» деген жалған ұғым керек емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу