Тимур Бекмамбетов әлемдегі блокбастер түсірмек

Oinet.kz 14-02-2020 781

Блокбастер соғыс кезінде неміс тұтқынында болып, жаудың ұшқышымен қашқан ұшқыш туралы болады. Басты рөлді Шымкент қаласының тумасы сомдайды, деп хабарлайды Sputnik.kz-ке сілтеме берген OInet.kz.

Белгілі қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетов әлемдегі бірінші вертикалды форматтағы блокбастер түсіреді.

image.png

Фильм "V2. Escape From Hell" ("Тозақтан қашу") деп аталатын болады. Картина ұшқыш Михаил Девятаевтың ерлігіне арналады, деп жазды Deadline басылымы.

Туынды шынайы оқиға желісіне негізделген. Фильмде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс тұтқынына түсіп, жаудың ұшағымен қашқан ұшқыш Михаил Девятаевтың оқиғасы баяндалады.

Басты рөлді Шымкент қаласының тумасы Павел Прилучный сомдайды.

Театр әртістері Сәбит Әбдіхалықовты жұмыстан шығармауды талап етуде
Маңғыстауда оқушыларды үйіне іздеп келген мұғалім төрт адамның мәйітін тауып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу