ШҚО-да қабір қазуға кеткен ер азаматтың мәйіті табылды

Oinet.kz 19-02-2020 944

Шығыс Қазақстан облысында қабір қазу үшін кетіп, ұшты-күйлі жоғалған азамат өлі күйінде табылды. Бұл туралы OInet.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

image.png

Осыған дейін Бүкенші ауылының тұрғыны Асхат Әлжановтың із-түссіз кеткені туралы еріктілер хабарлаған еді.

Олардың ақпаратына сәйкес, азамат 7 ақпан күні қабір қазуға көмектесу үшін зиратқа аттанып, қайта оралмаған.

Полиция мәліметі бойынша, 10 ақпан күні ШҚО тұрғыны 1983 жылы туған ұлы Бүкенші ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткені жайлы арыз жазған.

"14 ақпан күні азамат үй маңынан өлі күйінде табылды. Визуалды тексерісте оның денесінен азаптау белгілері байқалған жоқ. Алдын-ала болжам бойынша, марқұм тоңазытудан көз жұмған. Сараптамалар тағайындалды",- деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы Асқар Назыров асылып қалды. 29 жастағы тәртіп сақшысы облыс орталығындағы жалдамалы пәтерде өз-өзіне қол жұмсаған.

СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайтты растап отыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері арнайы тексеріс барысында анықталады.

Дариға Назарбаева: «Бізде ет бар, бірақ біздің нарықта неге қымбат?»
Еліміздің оңтүстігінде ажырасу деңгейі күрт өсуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу