Екі баланы зорлаған педофилге химиялық кастрация жасалмақ

Oinet.kz 20-02-2020 702

Алматы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында кәмелеттік жасқа толмаған балаларға зорлық көрсеткен ер адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме берген Oinet.kz.

Алматыда екі баланы зорлаған педофилге химиялық кастрация жасалады

Іс материалдарына сәйкес, ол 16 және 13 жастағы балаларға зорлық көрсеткен. Сот үкімімен айыпты 20 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сонымен қатар, оған өмір бойы педагогикалық қызмет істеуге, кәмелеттік жасқа толмаған балалармен жұмыс істеуге тыйым салынды. Оған химиялық кастрация жасау туралы қаулы шығарылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ақтөбеде балабақшадан өрт шығып, 80 бүлдіршін эвакуацияланды
Коронавирусқа байланысты мамандар 14 күн үй-үйді аралап тексереді - министр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу