Роналду мансабындағы 1000-ойынында рекордқа қол жеткізді

Oinet.kz 23-02-2020 1095

"Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатының 25-турында кәсіби мансабындағы 1000-ойынын өткізді. 

Әлемге әйгілі футболшы "А" сериясының 25-турында гол соғып, рекорд жаңартты. Бұл туралы Eurosport.ru сайтында хабарланды. 

Роналду.jpeg

35 жастағы ойыншы Италия чемпионатында 11 ойын қатарынан көзге түсті. Бұл көрсеткішпен ол Габриэль Батистуте мен Фабио Куальярелленің рекордына теңесті. 

Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы айтулы күнде СПАЛ қақпашысынан айласын асырып, командасының жеңісіне үлесін қосты.

Осылайша, Криштану Серия А-да 11 ойын бойы үздіксіз гол соққан үшінші футболшы атанды. Осыған дейін бұл нәтижені Габриэль Батистута мен Фабио Квальярелла тіркеген

Сапарбаев: «Кейбір мектеп директорлары өздерін князь секілді сезінеді»
Көзі нашар, омыртқасы қисық ұрпақ өсіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу