Масаншыда зардап шеккен әр отбасыға 2,3 миллион теңгеден көмек көрсетілді

Oinet.kz 24-02-2020 767

ebd487b5a03243a982dce9ba1bd211f6.jpg

Қордай ауданында мектеп, балалар бақшасы, медициналық нысандар, сауда нысандары мен дәріхана сынды барлық әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.    

Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Қарасу және Қаракемер ауылдық округтерінде 16 білім беру нысаны бар. Онда 12 274 оқушы білім алады. Сабаққа 11 688 оқушы (жалпы оқушылардың 95,2  пайызы) келген. Барлық 1045 мектеп мұғалімі, яғни 100% өз жұмыс орнында. 

Сондай-ақ ауылдарды таратуға 61 дана техника және 274 адам жұмылдырылып, 896 тонна қоқыс шығарылды.

11-21 ақпан аралығында Ауқатты, Бұлар батыр, Сортөбе және Масаншы ауылдарындағы  936 отбасыға 119,8  тонна азық-түлік, гигиеналық заттар, дәрі-дәрмектер, ыдыс-аяқ сынды қажетті тауар түрлерімен гуманитарлық көмек көрсетілді.

"Нұр Ниет" қоғамдық қорына 9,3 миллион тенге көлемінде қаржылай көмек жиналды. Зардап шеккен отбасыларға 2,3 миллион теңге көлемінде  материалдық көмек берілді.

Құрамына  Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Қарасу және Қаракемер ауылдық округтерінің ақсақалдары мен беделді тұрғындары кірген Қоғамдық келісім кеңесі құрылды. Оның төрағасы болып Қордай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілханов тағайындалды. Кеңес негізінен Қордай ауданы тұрғындары арасында бірлік пен ынтымақты нығайта түсу үшін бірлескен мәдени-спорттық шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды.

Ауданда жағдай қалыпты. Мәселе облыс әкімінің тұрақты бақылауында.

Туған қызын зорлап келген қаскөй 17 жылға сотталды
Басты бағыт-қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу