Антарктида қары жоғары жылдамдықпен еруде

Oinet.kz 25-02-2020 854

Антарктидада қар жоғары жылдамдықпен еруде. Тіркелген жоғары температураға байланысты Игл аралында қар жамылғысының 20%-ға жуығы еріп кетті, деп хабарлайды Kazinform.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

200225172500a3618451d.jpg

NASA ұсынған жаңа спутник суреттерінде Игл аралының (Антарктида түбегінің солтүстік-шығысында орналасқан) 2020 жылдың ақпанында тіркелген Антарктидадағы ыстық басталған және аяқталған уақыттағы бейнесі жарияланды. Тоғыз күннің ішінде бұл аралда жалпы маусымда жиналған қардың 20%-ы еріген. «Антарктидада бұлай ешқашан тез еріген емес. Қар мен мұздың бұлай еруі бұрын Аляска мен Гренландияда байқалған еді, бірақ Антарктидада емес», - деп атап өтті америкалық геолог Маури Пелто. Бұдан бұрын хабарланғандай, 9 ақпанда Сеймур аралында температура 20,75 градус жылылықты көрсетіп, рекорд орнатқан еді.

400 мың тоннаға жуық бензин шетелге контрабандамен өтіп кеткен
Елбасы Түймебаевқа бірқатар тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу