400 мың тоннаға жуық бензин шетелге контрабандамен өтіп кеткен

Oinet.kz 25-02-2020 861

Шекаралас елдерге 400 мың тоннаға жуық бензин және жанар-жағармайдың басқа да түрлері өтіп кеткен. Бұл туралы, бгін Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

-FC_5O3DHzr0dXohTbhfvQ=s800.jpg

- 2019 жылы мұнайды өңдеу көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өсіп, 17,2 млн тоннаны құрады. Бұл ретте, 2019 жылы мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін (авиакеросин, дизель отыны, бензин, мазут) өндіру көлемі 2018 жылға қарағанда 9,5%-ға өсті. 2020 жылға арналған жоспар 12,5 млн тоннаны құрайды. Айта кету керек, жоспар мұнай өнімдерінің ішкі тұтынуын негізге ала отырып есептелген. Бұл ретте қажеттілік болған жағдайда, жыл бойы өңдеу көлемін ұлғайту үшін бізде резерв бар, - деді Энергетика министрі.

Министрдің сөзінше, Қазақстандық МӨЗ-дерді жаңғырту жұмыстары аяқталған соң ішкі нарықтың қажеттілігі толығымен өз өндірісі есебінен қамтамасыз етіледі.

- Жылдың қорытындысы бойынша нарықтың бензинмен, дизель отынымен және авиакеросинмен қамтамасыз етілуі 100%-ға жетті. 2019 жылғы шілде айында тыйым салуды алғаннан кейін бензинді Еуропаға және Орталық Азияға экспорттау басталды. Бензиннің экспорт көлемі 180,7 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар, шекаралас елдерге, яғни Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға контрабандамен 400 мың тоннаға жуық бензин және жанар-жағармайдың басқа да түрлері өтіп кеткен. Өз тарапымыздан автомобильмен бензин шығаруды, экспорттауды тыйым салу жөніндегі Үкіметтің қаулысы қабылданды. Қаржы министрлігі және басқа мемлекеттік органдар бірігіп қабылдаған шешімдерінің нәтижесінде қазір автомобильмен немесе канистрамен болсын, кішкентай құтылармен болсын бензин экспортына тыйым салынды. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Бақылауда ұстаймыз, - деді Нұрлан Ноғаев.

Әскердегілердің несиесі уақытша тоқтатылуы мүмкін
Антарктида қары жоғары жылдамдықпен еруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу