Әскердегілердің несиесі уақытша тоқтатылуы мүмкін

Oinet.kz 25-02-2020 1053

Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимошенко әскерге шақырылғандардың көбісінің несиесін ата-анасы мен жақындары төлеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

5bb52fe57f.jpg

Ол мұндай жүктемені тоқтату керек және осы норманы заңға енгізу керек деп санайды. Бүгінгі таңда осындай фактілер жиі кездеседі екен. Сондықтан әскер қатарына шақырылғандар жасырынуға тырысады немесе кейінге қалдыруды сұрайды екен. 

- Әскер қатарына шақырылғандардың арасында несие алғандары жасырынуға тырысады немесе Отан алдындағы борыштарын кейін өтеуді сұрайды. Егер әскерге шақырылған азамат әскер қатарына алынғаннан кейін оның несиесі ата-анасы мен туыстарына жүктеледі. Немеренің үлкені болса, атасы мен әжесі тәрбиелейтін жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан заңға баласы әскер қатарына алынғандардың несиесін ата-анасына төлетпеу туралы бап енгізу қажет. Әскерге шақырылушылар өздерінің туыстарына несие төлетуге мәжбүр болғандарына ренжіді. Сол себепті әскер қатарында жүрген азаматтың несиесін уақытша тоқтата тұру керек, - дейді Юрий Тимошенко. 

Ол бұл ретте әскер қатарына алынған сарбаздың несиесін ол Отан алдындағы борышын өтеп болғанша тоқтата тұру керектігін айтты.

- Әзірге бұдан бизнестің іс-әрекеті қалай болатынын білмейміз. Қазіргі кезде әскерге шақырылғандардың несиесін жақындары төлеп жүр немесе айыппұл салынады. Осы жағдай сарбаздың психологиясына әсер етеді. Біз сарбаздардың несиесін бір жылға тоқтата тұру туралы ұсыныс жасап отырмыз, - дейді депутат.

Бекзат Саттархановтың әкесі бақилық болды
400 мың тоннаға жуық бензин шетелге контрабандамен өтіп кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу