Тоқаев әкімдердің есеп беруіне өзгеріс енгізді

Oinet.kz 26-02-2020 1172

10489543.jpg


Президент Тоқаев «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер енгізді. 

Осы Жарлыққа сәйкес  Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде өңірлермен бейнеконференцбайланысын, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляция ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары туралы хабардар етіп отыруы тиіс.

Барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы есебі  бірінші тоқсанда өтеді. Есеп беру барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, проблемалық мәселелер және оларды шешу бойынша жоспарлар туралы хабардар етіледі

Есеп беру кездесуін әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн-трансляция және аудан орталықтарымен және басқа да елді мекендермен бейнеконференц байланысы (техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып) ұйымдастырылады. Есеп беру кездесуі өткізілуінен бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.

-Есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін мәслихаттар депутаттарын, жұртшылық, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, тиісті қоғамдық кеңестердің отырыстарында облыстар, қалалар және аудандар әкімдерінің есептерін тыңдау өткізілсін, олардың барысында  әкім тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу,  өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы хабардар етеді,-делінген Жарлықта. 

Есеп беру кездесулері және азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей есептерді және оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелер тізбесі тиісті интернет-ресурстарда жарияланады. 


Жедел жәрдем көлігі бүлдіршін қызды Шымкентке алып келе жатып, апатқа ұшырады
Алтын Орданың 750 жылдығына арнап кітап көрмесі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу